Жамбыл ауданы, Мыңбаев ауылында медицина мамандарына қолғабыс болып жүрген - Дүйсен Шәкенұлы
Медицина саласында әр минут маңызды. Дәрігердің уақытында жетуі, науқасқа қажетті көмектің кешікпеуі – бір адамның емес, тұтас ұжымның еңбегі. Ұжымда көлік тізгініндегі жүргізушінің де жауапкершілігі аз емес. Жамбыл ауданы, Мыңбаев ауылында медицина мамандарына қолғабыс болып, халыққа адал қызмет етіп жүрген жанның бірі – Дүйсен Шәкенұлы.
Медицина – қызығы мен шыжығы мол сала. Дүйсен Шәкенұлы Мыңбаев ауылдық емханасында он жылдан бері көлік жүргізуші болып жұмыс істейді. Өзі туып-өскен ауыл халқын, тыныс-тіршілігіне жақсы біледі. Ауыр халде жатқан науқастарды ауа-райына, уақыт тапшылығына қарамастан аудан орталығына жеткізу Дүйсен Малдыбаев үшін кәнігі міндет.
ДҮЙСЕН МАЛДЫБАЕВ
ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІНІҢ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ
«Жүргізуші болғаннан кейін өте ответственный жұмыс қой. Ауыр халде болғандарды оларды районға тез жеткізу үшін қысқа-қысқа жолдармен айдауың керек болады. Көбінде жол бермей қалатындар болады. Бәріне ответственный болуың керек қой.»
Ал жұмыстан тыс уақытта ол – отбасының тірегі. Өмірлік жары Гүлнәр Мұсақанқызы екеуі бір мекемеде еңбе етеді. Кейіпкеріміз уақытын жолда өткізсе, жұбайы Гүлнәр емханада аспаз болып жұмыс істейді. Отыз жеті жыл отасқан жанұяның бірлігі – адалдық пен сыйластықта. ГҮЛНӘР МАЛДЫБАЕВА
Д.МАЛДЫБАЕВТЫҢ ЖҰБАЙЫ, АСПАЗ
«Жолдасым жақсы, жайлы, үйде де жақсы. Балаларға да жайлы өзі өз жұмысын сүйеді. Үйде мал шаруашылығымен айналысамыз өзіміздің қой, жылқы деген сияқты бар. Әйтеуір жұмыста да үлгереді, үйде де үлгереді. СКЛ. Медбике қыздар аға мында барамыз, келіңіз анда барамыз деп шақырып жатады, қазір қазір деп шапқылап кетіп жатады енді. Еңбег ретті болсын.»
Дүйсен Шәкенұлы - ортасына сыйлы, мінезі жайлы азамат. Әріптестерімен етене араласып, ұжымның береке-бірлігін келтіріп жүр. Науқасты ұқыппен көлікке отырғызып, ауруханаға аман-есен жеткізу үшін фельдшерге сенімді серік қажет. Дүйсен Шәкенұлымен сегіз жылдан бері бірге еңбек етіп жүрген әріптесі Файзулла Қази оның адамгершілік қырын атап өтті.
ФАЙЗУЛА ҚАЗИ
ФЕЛЬДШЕР
«Дүйсен аға екеуміздің арамызда ешқандай сыр жоқ. Сырласым, досым, әкемдей көремін. Осы жұмыста сегіз сағат па, сегіз сағат бірге жүреміз. СКЛ. Дүйсен ағамыз өте сабырлы, мәдениетті, өз жұмысын таңғылықты жасайды.»
ДҮЙСЕН МАЛДЫБАЕВ
ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІНІҢ КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІ
«.... медбикеміз кейде босанатын келіншектерді апарған кезде жолда ойбай бас, бас Дүйсен бас деп, ой басып келе жатырмыз ғой деп сонда ол кезде ескі машина болатын. СКЛ. Сөйтіп жолда босандырмай әйтеуір зертханаға барып, сондай қызықтар болға. Ой бұл жақта қызықтар көп қой.»
Жауапкершілікті үнсіз арқалап, күн сайын адам өміріне араша түсіп жүрген жандардың еңбегі қашанда құрметке лайық. Адамға қызмет ету –күнделікті адал еңбектен көрінеді. Таңмен таласа жолға шығып, талай жанның амандығын күзеткен жедел-жәрдем жүргізушісінің еңбеңі осындай. Қарапайым тірлікпен елге пайда тигізу – адамдық қасиеттің белгісі.