Қонаевта волонтерлер бас қосты
Қонаевта волонтерлер бас қосты. Іс-шараға белсенді жастар мен қоғамдық ұйым өкілдері жиналды. Бірнеше күнге жоспарланған басқосуда қатысушылар әлеуметтік бастамалар мен жаңа жобаларды талқылайды. Бүгінде өңірде бес мыңнан астам белсенді волонтёр бар.
Өңірдегі волонтёрлердің жұмысы бірнеше бағытты қамтиды. Еріктілер экологиялық акция өткізіп, жүздеген зейнеткерлерге көмек көрсетті. Ал «Saqtan» жобасы аясында 800 жас профилактикалық жұмыстармен қамтылып, есірткі жарнамалары жойылды. Олар төтенше жағдай кезінде іздестіру-құтқару жұмыстарына атсалысады.
МЕДЕТ ТҰРҒОЖАНОВ
«LIDER.KZ» ІЗДЕСТІРУ-ҚҰТҚАРУ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ВОЛОНТЁРІ
«Ауқымды іздеу жұмыстары кезінде бізге көмек керек болады. Сол кезде түрлі ұйымдардың волонтёрлеріне хабарласамыз. Олар да қарап қалмай, қатарымызға қосылады. Мәселен, біз іздеуге 15 адам болып шығуымыз мүмкін, ал іздейтін аумақ өте үлкен. Осындай кезде еріктілердің қосылғаны біз үшін үлкен көмек»
Іс-шара барысындда түрлі дәрістер мен тренингтер өтеді. Қаржылық сауаттылық, әлеуметтік жұмыс, инклюзия, кәсіпкерлік және волонтёрлік жобаларды дамыту мәселелері қозғалады. Жастар семинарда алған білімін өз жобаларын іске асыруға қолданады.
МӘДИ АХМЕТОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бұдан кейін волентерлер «Шарын шатқалы» мен «Көлсай көлдері» ұлттық парктеріне барып, өңірдің туризм саласының дамуымен танысады.