Алматы облысында жастарға арналған мүмкіндіктер артып келеді
Жастар саясатында байыпты бастамалар бар. Бүгінде өңірде 14 пен 35 жас аралығындағы 430 мыңнан астам азамат тұрады. Олардың білім алып, жұмысқа орналасып, өз жобаларын іске асыруға мүмкіндік жетерлік. Бұл ретте өңірде жастар орталықтары ашылып, түрлі әлеуметтік, мәдени және спорттық бастамаларға қолдау көрсетілуде.
Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, жұмыспен қамтып, кәсібін бастауына жағдай жасау мемлекеттік саясаттың басты бағдары. Алматы облысында бұл бағыттағы жұмыстар жыл сайын жаңарып, ауқымы кеңейіп келеді. Әсіресе шалғай елді мекендердегі жастар үшін заманауи орталықтардың ашылуы маңызды қадам. Сол арқылы ауыл жастары өмір үрдісінен қалыспай, түрлі жобаларға қатысып, жаңа идеяларын іске асыра алады.
МӘДИ АХМЕТОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР САЯСАТЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
« Облыс әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғәзиевтің қолдауымен мына шалғай аудандарда жастарға арналған заманауи жастар орталықтары іске қосылды. СКЛ бұл Балқаш, Кеген, Райымбек аудандарында, орталықтарында, яғни сол жердегі жастар облыс орталығына келмей, өздерінің толғандырған, өздеріне қажетті ақпаратты, мәліметті сол аудандық орталықтағы орталықтар арқылы алуға мүмкіндігі алды.
Өңірдегі жұмыстың тағы бір бағыты оқымайтын және жұмыс істемейтін жастарды қоғамға тарту. Соңғы үш жылда NEET санатындағы жастар саны 46 мыңнан 16 мыңға дейін азайған. Сонымен қатар «Жастар практикасы», «Жасыл ел», «Дипломмен – ауылға» бағдарламалары арқылы жастарға еңбекке араласуға жол ашылып отыр.
МЕЙІРЖАН АЛМАС
БЕЛСЕНДІ ЖАС
« Қазіргі таңда енді мемлекеттен көрсетіліп жатқан жастарға өте үлкен көмек түрлері бар. Соның бірі Тәуелсіздік ұрпақтары қайтарымсыз гранты. Осы алдағы уақытта болайын деп жатыр. Соған өзім де қатысып, өзімнің жобамды қорғағым келіп отыр. Жастарға өте қолайлы жағдайлар жасалған. Оның бірі қоғамдық бірлестіктермен қосымша жұмыс атқару. Ол да ол жақтан да төлемақы алып, бірақ біз өзіміз жастарға жалпы қоғамға пайдамызды тигізіп жұмыс атқара аламыз.»
Ал жастардың өз бастамаларын жүзеге асыруына гранттық бағдарламалар мен түрлі жобалар мүмкіндік беруде. Волонтерлік қозғалыстан бастап, кәсіпкерлік пен шығармашылыққа дейінгі бағыттарда белсенді жастардың қатары артып келеді. Биылдың өзінде Халықаралық жастар күні аясында облыста 30-дан астам шара ұйымдастырылып, 20 мыңнан астам жас қамтылған.