Талғар ауданында 150-ге жуық тұрғын аумақты тазалады
Әр бейсенбі сайын Талғар ауданында табиғат жанашырлары бірігіп, «Таза бейсенбі» акциясы ұйымдастырады. Игі амалды әдетке айналдырған азаматтар бұл жолы Панфилов ауылына жиналып, орталық көшенің көркін ашты. 150-ге жуық адам 2 гектар аумақты қоқыстан тазартып, 2 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықты күресінге шығарды.Жыл басынан бері аудандағы тазалық жұмысына мыңдаған адам жұмылдырылды. «Ластанған жерлерді тазалауға әр тұрғын белсенді қатысса экология жақсарады», - дейді ауыл әкімі.
ДУЛАТ ДӘУЛЕТӘЛИЕВ
ПАНФИЛОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
«Біз енді орталық көшемен жүріп өтеміз. Сосын балалар ойнайтын алаңдар бар. Адамдар жиналатын орталық көшелерден бөлек автобус тұрақтарында қоқыс көп жиналады. Қоқыс жәшіктері қойылғанның өзінде бір күннің өзінде толып кетеді. Сондай жұмыстар жүргізіліп отырады. Біздің халыққа айтарымыз әркім өзінің алдына берілген территориясын таза ұстаса. Заборын әктеп, қураған ағаштар мен қоқысты жинаса, ол әдетке айналса өте бір керемет дүние болады.»