Астанада Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті
Бүгін Астанада Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші сессияның жұмысы ашық деп жариялап, депутаттарға сәттілік тіледі.
Құрылтай мемлекеттік маңызы бар мәселелерді талқылап, елдің заңнамасын жетілдіруге және құқықтық негізін нығайтуға ықпал етеді. Индустрияландыру, жаңа өндіріс орындарын ашу, жұмыс орындарын көбейту міндеті тұр” деді президент. Құрылтайдың құрамы жасақталғаннан кейін Үкімет өз өкілеттігін тоқтатады. Осыдан соң Мемлекет басшысы Вице-Президент пен Премьер-Министр лауазымдарына кандидатураларды ұсынбақ. Үкімет мүшелері де жаңа тәртіппен тағайындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі құрылатынын мәлімдеді. Бұл – ел тарихындағы тұңғыш жоғары консультативтік орган болмақ. Жаңа құрылым заңнамалық бастама көтеру құқығына ие болады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Құрылтай Төрағасы лауазымына Айбек Дәдебайдың кандидатурасын ұсынып, депутаттарды қолдауға шақырды.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
“Ашығын айтсақ институт. реформалардың түпкі мақсаты да биліктің барлық тармағындағы кадрларды жаңарту. Яғни, саясатқа жаңашыл, жасампаз адамдарды әкелу. Қазіргі заманда жаттанды шешім,ескірген көзқарас, жалаң популизм ешкімге керек емес.Бізге жауапкершіліктен қашпайтын, батыл, белсенді, білімід басшылар нақыт өзгеріс жасай білетін азаматар қажет”.