Саябақ жаңарды

Қарасай ауданы, Алмалыбақ ауылындағы Қонаев саябағында күрделі жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Екі гектар аумақты алып жатқан нысанда балалар ойын алаңқайы жаңартылып, ескі ескерткіш жөнделіп, сахна құру жоспарланған. Сондай ақ,  жарықтандыру желісі орнатылуда. Жалпы  жұмысқа бюджеттен 45 миллион теңге бөлінген. Одан бөлек, биыл Ұмтыл ауылдық округіндегі сегіз көшеге асфальт төселіп, бес көшеге жарық орнатылды. 

ИСЛАМ ИБАТЖАН 
ҰМТЫЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ 
«Бұл саябақ 1960 жылдары қолданысқа берілген. Сол жылдары отырғызылған терек ағаштары болды, тағы да басқа ағаштар апаттық жағдайдағы мына жұмыс басталмас бұрын кесілген болатын. Тағы да санитарлық кесу жұмыстары жүргізіледі. Одан бөлек мына күзгі уақытта ауыл тұрғындарымен бірге әкімдіктің тарапынан жаңадан ағаштар отырғызылып, жалпы осы саябақ аумағына көгалдандыру жұмыстары жүргізілетін болады.»

Сондай-ақ оқыңыз: