Жарық шашқан өндіріс

Жамбыл ауданындағы электротехника зауыты отандық өнім көлемін көбейтті. Кәсіпорында 300-ге жуық түрлі өнім шығарылады. Оның ішінде жарықтандыру құрылғылары мен қала инфрақұрылымына қажетті басқа да бұйымдар бар. Тақырыпты тілші тарқатсын.  Кәсіпорын бүгінде Алматы облысы ғана емес, еліміздегі елді мекендердің жайлы әрі қауіпсіз ортасын қалыптастыруға үлес қосып отыр. Зауыт өнімдері Қазақстанның барлық өңіріне жеткізіледі. Сонымен қатар отандық тауарға сыртқы нарықта да сұраныс бар.

ЭЛЬМИРА ЧАЛАБОВА
ЗАУЫТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 
"Мен осы ауылда тұрамын уже 12 жыл осы получается жұмыста Қазтех-те  жұмыс істеймін. Зауытымыз үлкен әдемі бәрі техникалар бар. Сосын біздің товарлар Өзбекстанға кетеді, Тәжікстанға кетеді, Ресейге кетеді, Понамаға кетеді осы Қазақстанның бүкіл жерлеріне кетеді."

Кәсіпорында жарықтандыру шамдары, жарық бағаналары және басқа да қажетті бұйымдар шығарылады. Мұнда  металл өңделіп боялады, бұйым құрастыру және дайын өнімнің сапасын бақылауға дейінгі жұмыс толық атқарылады. Зауыт өндірістік мүмкіндігін тиімді пайдаланып, жергілікті шикізатты қолданады. Мұнда 130 адам еңбек етеді. Олардың басым бөлігі – жергілікті тұрғындар. 

АЙҒАНЫМ СҰЛТАНОВА
ЗАУЫТ ЖҰМЫСШЫСЫ
"Жұмыста бізде кайдзен система бар, кайдзен системадан мысалы 100%- ға орындалса дополнительно бонустар беріледі бізге жалақыдан бөлек сондай нелер бар. Еще бізде бір жақсы жері обед уақыты бізге осы жақта беріледі тегін"

Кәсіпорын  өндірісті ел ішінде дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және мамандардың кәсіби әлеуетін көтеруді көздейді. Жарықтандыру құралдарының елімізде өндірілуі нарықтағы импорт үлесін азайтады. Яғни, отандық тауар бағасы да қолжетімді болу тиіс. Бұл  өңірде кәсіпкерлікті дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашады. 

Сондай-ақ оқыңыз: