Бизнеске бастар қадам

Қонаевта тың идеяларды қолдауға арналған «Старт-ап орда» инкубациялық бағдарламасы басталды. «Алатау хаб» базасында өтіп жатқан бастама ақпараттық технологиялар  саласында өз жобасын жүзеге асырғысы келетіндер үшін үлкен мүмкіндік. Қатысушылар бизнес-идея қалыптастыруды, алғашқы өнімді әзірлеуді және инвестор тартуды үйренеді. Оларға тәжірибелі менторлар мен сарапшылар бағыт-бағдар беріп, жобаларын нарыққа шығаруға көмектеседі. Идеядан бастап нақты бизнес-модель құруға дейінгі кезеңді қамтитын жобаға жергілікті IT- қауымдастығы да қатысады.  

СЕРГЕЙ ШИБУЛИН
"АЛАТАУ ХАБ" ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
«Жобаға деген қызығушылық жыл сайын артып келеді. Үш ай бойы өтетін бағдарлама толығымен тегін. Тәлімгерлеріміз қатысушыларға жасанды интеллект, жеке кәсіпкерлік және пленерлік бағыттар бойынша дәріс береді. Бағдарлама соңында ең үздік шыққандар өз жобаларын Астана хаб орталығында қорғайды. Ал жеңімпаздарға  инвестиция тартылады. Осылайша, біз әртүрлі саладағы белсенді азаматтарға өз кәсібін бастауға мүмкіндік береміз»

Сондай-ақ оқыңыз: