Кәріз жүйесі жаңарады

Жамбыл ауданында кәріз жүйесі жаңғыруда. 1960 жылы 25 мың адамға шақталып салынған ескі жүйе әбден тозды. Әрі сүзгі көлшігі де аудан орталығына тым жақындап кетті. Нәтижесінде жағымсыз иіс тұрғындардың мазасын кетірді. Сондықтан өткен жылы ауқымды жоба қолға алынған. Ұзынағашта құбырларды ауыстыруымен бірге аумағы120 гектарлық жаңа сүзгі алаңының да құрлысы басталды. Құрманжан Қасымжанұлы тарқатып айтады.

Ұзынағашта жарты ғасыр бұрын салынған кәріз жүйесінің қазір жүйесінің тозығы жетті. Содан бері ауылдағы халық саны екі есе өсіп, елді- мекен кеңейді. Сондықтан жүйені жаңарту қажеттіліктен туындады. Әуелі ауыл ішінде 13 шақырым құбыр ауысты. Енді техникалық талапқа сәйкес 43 шақырымға негізгі құбыр  төселеді. 

ҚАЙСАР ӘБСЕЙІТОВ
ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ    
«Ауылдың ішкі көшелері 90 пайызға аяқтады. Енді кіші кіші көшелер ғана қалды. Бұл жақта 35 техника, 80 ге жуық адаммен 4 бригада жұмыс істеп жатыр. Бұл енді жобаның аяқталуы 2028 жылы деп тұр. Енді осы қарқынмен жұмыс атқара берсек келесі жылдың соңына қарай аяқтап қаламыз»


Ұзынағашта бүгінде 60 мыңнан аса адам тұрады. Іргелес ауылдарда аз емес. Сондықтан кәріз суының жаңа сүзгі алаңы 120 гектарға жоспарланған. Нысан орталықтан 40 шақырым жердегі  Жайсаң ауылы маңында  орналасқан.  Қазір мұнда шектерді дайындық жұмысы қарқынды жүріп жатыр. 


ҚҰРМАНЖАН ҚАСЫМЖАНҰЛЫ 
ТІЛШІ
«Дәл осы құрлыс алаңында қазір 5 эксковатор, 20 хова, жалпы 70 адам екі ауысыммен күні түні жұмыс істеуде. Бұл жерде дәл мына менің тусыртымда тұрғандай 5 жота тегістеліп алынған және топырағы сыртқа шығарылыпты. Мұндағылардың айтуынша мұндағы қара жұмыс қазір 70 пайызға соңына жетіпті. Ал осы 120 гектар аумақтан 14 сүзгі көлшігі салынады».


СЫРЫМ ЕРІМБЕТОВ 
МЕРДІГЕР МЕКЕМІНІҢ ІС БАСҚАРУШЫСЫ 
«Жоба стандартына сай шеті түгел қоршалады. Айналдыра тал егіледі. Шектер жобаға сай 17-18 метр тереңдікте қазылады. Дамбылардың үстіне лоток қойылады. Саружениеден шыққан су әр жерден лотокқа құйылады. Бұл жерде ең соңғы 4 шектен су далаға орашениеге шығып кетеді»

Жобаның жалпы құны 14 миллиард теңгеден асады. Нысан екі жылдан кейін пайдалануға берілсе Ұзынағашта 5 мың аула және 100 бюджеттік мекеме жаңа кәріз жүйесіне жалғанады.

Сондай-ақ оқыңыз: