Жас шекарашылар сыныбы ашылды

Қарасай ауданы, Елтай аулындағы жайлы мектепте «Жас шекарашы» әскери-патриоттық сыныбы ашылды. Оның құрамына 20 оқушы қабылданды. Салтанатты шара барысында жас кадеттер Отанға адал болуға уәде берді. Мектепте әскери-патриоттық клуб жұмыс істейді. Ол Қарасай ауданы бойынша Шекара қызметі басқармасы мен мектеп басшылығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында құрылған. Оқушылар шекарашылардың қызметімен танысып, ашық есік күндеріне қатысады. Жаңа сынып Шекара қызметінің қолдауымен қажетті оқу және көрнекі материалдармен жабдықталған

ТАЛҒАТ ТАБЫЛДИЕВ
ҚР ҰҚК ҚАРАСАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША ШЕКАРА БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ 
«Аталған Елтай мектебімен меморандумға отырып, 4-ші жас шекарашылар сыныбын 8-ші сынып оқушыларымен ашқанбыз. Осы меморандум аясындағы жұмыстарымыз жалғасып келеді.

Сондай-ақ оқыңыз: