Жас құқық қорғаушылар форумы

Еңбекшіқазақ ауданында «Жас құқық қорғаушылар» облыстық форумы өтті. «Заң мен тәртіп» жобасы аясындағы жиынға білім саласы мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты. Мамандар жастарға заңды  құрметтеудің маңызын түсіндіріп, қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды. Форумда оқушылардың заң тұрғысынан сауаттылығын арттыру, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және ортақ талапты сақтау мәселелері талқыланады. Жобаға қатысушылар саны артып келеді. Нәтижелі жұмыстың арқасында биыл 35 білім ошағы бұл қатарға қосылды. 

ДИАНА ОНБІРБАЕВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Біз енді жан-жақты осындай жұмыстарды жүргізіп жатырмыз. Әр баланың заңды, тәртіпті орындауы бойынша. Енді бұл мақсатта өте ауқымды жұмыс жүреді. Бізде үлкен армия бар.  40 мың педагог оның ішінде 8000 тәрбиеге қатысты жауапты тұлғалар жаппай жұмыс істеп жатыр. Күні кеше ғана жұмыстың ретін қайта қарастырдық.»

Сонымен қатар кәсіби мамандар  жастарға интернет алаяқтық, дропперлік  пен қаржы пирамидаларының қауіптері туралы түсіндірді. Нақты қылмыстық істердің салдары айтылып, арнайы бейнероликтер көрсетілді.

МАРХАБА БАЙБОСЫН
ОҚУШЫ
«Бұл жоба арқылы біз құқықбұзушылық жайлы үйренеміз. Тек өзіміз үйреніп ғана қоймай оқушыларға түсіндіреміз. Қазіргі таңда буллинг жайында көп болып жатыр ғой. Соның алдын аламыз, мектептегі оқушыларға түсіндіреміз, ондайға жол бермейміз өзіміздің де құқықтық жауапкершілігімізді арттырамыз.»

Жаңа оқу жылынан  еліміздің оқушылары мектепте «Заң және тәртіп» курсын оқитын болады. Қосымшада қауіпсізідік қағидалары, цифрлық сауаттылық пен азаматтық жауапкершілік үйретіледі.

Сондай-ақ оқыңыз: