Ел бірлігі басты мұрат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесі бірінші сессиясының ашылуында еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды. Президенттің айтуынша, соңғы жеті жылда ішкі жалпы өнім 29 пайызға өсіп, 306 миллиард долларға жеткен. Осы кезеңде ел экономикасына 162 миллиард доллардан астам инвестиция тартылған. Мемлекет басшысы Қазақстан Халық Кеңесінің басты міндеті – қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайту екенін атап өтті. Сонымен қатар қоғамдық бақылауды күшейту, өңірлерді дамыту, жастарға қолдау көрсету және ел бірлігін нығайту қажеттігін айтты. Президент жергілікті мәслихаттардың жұмысына да тоқталды. Мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылмақ. Ал жаңа құрамды қалыптастыру үшін мәслихат сайлауын мерзімінен бұрын өткізу жоспарланып отыр.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ 
“Демек өкілді органдар қызметінің заңға сәйкес болуы айрықша маңызды. Сондықтан м ен жақын арада Үкімет басшысымен және Құрылтай төрағасыменбарлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтату жөнінде кеңесемін. Содан соң тиісті жарлыққа қол қоямын.Көп ұзамай Орталық сайлау комиссиясы сайлау өтетін күнді жариялау керек. Бұл қадам мәслихаттардың білікті әрі кәсіби корпусын қалыптастыруға жол ашып, оның жұмысына тың серпін береді” 

Сондай-ақ оқыңыз: