Каспидегі қайғылы жағдай
Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде қайғылы жағдай болып, 9 әскери қызметші қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, ауа райының күрт нашарлап, желдің күшейюінен судағы 19 жауынгерді толқын алып кеткен. Үш әскери қызметші құтқарылды, олардың бірі ауруханаға жатқызылды. Іздеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қорғаныс министрлігінің комиссиясы құрылды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Қайғылы жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Президент Үкіметтік комиссияға оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, қаза болғандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетуді тапсырды.