Жасыл болашаққа қосылған үлес!

Қарасай ауданының Елтай ауылында жергілікті мектеп аумағын көгалдандыруға бағытталған экологиялық акция өтті. Республика күніне орай ұйымдастырылған іс-шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Экологиялық бастама барысында 200 түп жеміс ағашы отырғызылды. Оның ішінде алма, алмұрт, шие, өрік бар. Игі іске аудан әкімдігінің өкілдері, бизнес қауымдастығы, компания қызметкерлері, жастар мен ауыл тұрғындары атсалысты. Басты мақсат – елді мекеннің көркін арттырып, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру. Айта кетейік, Алматы облысының 2026–2030 жылдарға арналған көгалдандыру жоспарына сәйкес, өңірде жыл сайын 220 мың түп ағаш отырғызу көзделген. Жыл басынан бері облыс аумағында 109 мыңнан астам көшет егілді.

Сондай-ақ оқыңыз: