Таза су әр үйге жақындай түсті!
Қарасай ауданында жаңа су желісі іске қосылды. Нәтижесінде халық сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Жармұхамбет ауылына жалпы ұзындығы 51 шақырым құбыр тартылып, екі су ұңғымасы мен 300 текше метр екі су резервуары салынды. Жобаның жалпы құны – 1 млрд 432 мың теңге. Қазір Қарасай ауданындағы 47 елді мекеннің 95 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Қалған елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету және қолданыстағы су желілерінің тозу деңгейін төмендету бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасып жатыр. Бұған дейін Қайрат ауылында су құбырлары қайта жаңғырса, қазір Шалқар және Кемертоған ауылдарында құрылыс басталған.
БЕКЗАТ КӘРІМОВ - ҚАРАСАЙ АУДАНЫ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
- Қазіргі уақытта осы біздің магистралдық және абоненттік желілер толықтай аяқталды. Ендігі уақытта"Тау самалы" деген мекемеміз бар. Сол жаққа келіп арыз жазып, әр үй жеке есеп-шот ашып, счетчиктарын ауыстырып әр үйге суды қосып береміз.