Ауқымды құрылыс және жаңа реформалар!
Келер жылдан бастап елімізде ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге жетуі мүмкін. Оған қоса, 77 мыңнан астам медицина қызметкерінің айлығы 40 пайызға дейін өседі. Ал таяу жылдары еліміз бойынша инфрақұрылым толық жаңарады: жолдар салынып, жаңа мектептер, ауруханалар мен инженерлік желілер бой көтереді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған кезекті Жолдауында елдің болашағына қатысты осындай маңызды міндеттерді жүктеді. Басты назарда – халықтың әл-ауқаты, бизнесті қолдау және ұзақ мерзімді даму жоспары.
Бұл жолғы Жолдаудың ең басты арқауы – инфрақұрылымды ретке келтіру. Президент 2027 жылды «Жалпыұлттық құрылыс жылы» деп жариялауды ұсынды. Енді жолдар, мектептер, ауруханалар, әуежайлар мен спорт кешендері жаппай жөнделіп, жаңадан салынады. Бұл жұмыс тек ірі қалаларды емес, шалғайдағы ауыл-аймақтарды да толық қамтуы тиіс. Осы мақсатта «Халықтық құрылыс» арнайы бағдарламасы басталады. Бұл жоба елдімекендерді таза ауыз сумен және табиғи газбен қамту мәселесін түпкілікті шешуге тиіс.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ-ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
- Құрылыс демекші, таяу жылдары елімізде 8 заманауи перинаталдық орталық пен 7 көпбейінді балалар ауруханасы бой көтереді. Жаңа медициналық нысандар Атырау, Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Қаскелең, Семей және Ақтау қалаларында салынады.
Ал енді бұқараның қалтасына тікелей әсер ететін жаңалық, елдегі ең төменгі жалақы көлемі 85 мыңнан 110 мың теңгеге арту жоспарланып отыр. Жаңа норма 2027 жылдың басынан бастап күшіне енбек. Сонымен қатар бастапқы буында жүрген 77 мыңнан астам медицина қызметкерінің де айлығы өседі. Тәжірибесі мен еңбек өтіліне қарай олардың жалақысына 40 пайызға дейін үстеме қосылмақ.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ-ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
- Шағын және орта бизнеске де жеңілдіктер қарастырылған. Үкіметке жаңа Салық кодексін енгізу кезінде туындаған шикіліктерді реттеп, бизнесті ұзақ мерзімді қаржыландыруды жолға қою тапсырылды. Тіпті, 2027 жылдан бастап шағын және микробизнесті тексеруге 3 жылдық мораторий енгізу ұсынылып отыр.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ-ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
- Экономиканы дамыту үшін сенімді энергия көзі керек. Қазақстан 2029 жылға қарай тоқ тапшылығынан толық арылып, электр энергиясының қорын жасауы тиіс. Осы мақсатта 2027 жылы «Балқаш» АЭС құрылысы басталмақ. Бұдан бөлек, мемлекеттік басқару, ауыл шаруашылығы мен бюджетті жоспарлау ісіне жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар кеңінен енгізіледі.
Заман талабына сай мемлекеттік аппараттың өзі де өзгеруі тиіс. Президент бұл бағытта шұғыл реформа жүргізуді тапсырды. Нақты жоспар 2027 жылдың 1 маусымына дейін дайын болуы керек. Сондай-ақ ескірген Азаматтық кодекс жаңартылып, келер жылдың соңына дейін жаңа құжат қабылданады.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ-ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
- Жолдауда айтылған сөз аяқсыз қалмауы тиіс. Ендігі басты міндет – осы тапсырмаларды уақытылы әрі сапалы түрде іске асыру