Әлеуметтік қызмет – мейірім мен жауапкершілік

Бүгін Қонаевта Әлеуметтік қызметкерлер күні аталып өтті. Мәдениет үйінде өткен салтанатты жиынға Алматы облысы әкімінің орынбасары Қуаныш Бақытұлы қатысып, сала ардагерлері мен үздік мамандарды құттықтады. Оларға «Еңбек ардагері» медалі, салалық министрлік пен облыс әкімінің марапаттары табысталды. Бүгінде халықты әлеуметтік қорғау, аймақтағы басты басымдық. Биыл Алматы облысында бұл салаға бюджеттен 24 миллиардқа жуық қаржы бөлінген. Нәтижесінде 8 мыңнан астам адам арнаулы әлеуметтік қызметпен қамтылып, 2,5 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Ал 35 мың азамат жұмысқа орналасты. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарынан бастап, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғызбасты қарттарға қолдау білдіретін бұл сала алдағы уақытта да инклюзивті ортаны дамыту мен қызмет сапасын арттыруды жалғастырмақ.

ҚАЛДЫГҮЛ АЙСИНА
ЕҢБЕК АРДАГЕРІ
- Әлеуметтік салада жұмыс істеу өте қиын. Әр адам қиын жағдайға тап болғанда, оған қорған болу, әрқайсысының психологиялық ерекшелігін ескеру, қажетті көмек көрсету оңай емес. Әлеуметтік салада еңбек етіп жүрген барлық мамандарға көп рақмет!

Сондай-ақ оқыңыз: