Жастар нашақорлыққа қарсы күреске қалай үлес қосып жүр?

Алматы облысында жас волонтерлер арасында нашақорлықтың алдын алуға бағытталған бейнероликтер байқауы өз мәресіне жетті. Ауқымды шараны облыстық Білім басқармасы мен Полиция департаменті бірлесе ұйымдастырды.Сайысқа қатысушылар өздері түсірген бейнероликтер арқылы есірткіден бас тартудың маңыздылығын көрсетті. Олар құрдастарының назарын қоғамдағы өзекті мәселеге аударып, жастардың да бұл қауіппен күресте елеулі үлес қоса алатынын дәлелдеді. Қазылар алқасының шешімімен алғашқы үш орынды Жамбыл, Қарасай мен Іле ауданы алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар жасөспірімдердің азаматтық белсенділігін арттырып, зиянды әдеттерден аулақ болуына үлкен септігін тигізеді. Енді үздік шыққан бейнероликтер облыс мектептерінде көрсетілетін болады.

ДИАНА ОНБІРБАЕВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Мақсат балаларды қазіргі заманның ең бір апаты деуге болады, қауіпі деуге болады, есірткіге тәуелділік, нашақорлықтың алдын алу, алкогольдік, ішімдіктен және темекі шегу зияны бойынша балалар өздерінің ойларын, өздері істеп жатқан волонтерлік жұмыстарын көрсетті.»

Сондай-ақ оқыңыз: