ТЖД қызметкерлері қауіпті пештерді анықтауда
Қарасай ауданында әлеуметтік осал топтағы отбасылардың үйлерінің жылыту маусымына дайындығы тексерілді. Рейд барысында бірқатар үйден қауіпсіздік талабы сақталмағаны анықталды. Ол қандай кауіпке апаруы мүмкін? Мына үйді зейнеткер Қасым Райымхан жалдап тұрады. Иесі газ тартпады. Бөлмелері көмір пешпен жылытылады.
ҚАСЫМ РАЙЫМХАН БЕКБОЛАТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Кеше бір отын түсіріп берді. Өзім эпилепсиямен еш нәрсе істей алмаймын, кеше қолыма да жара шығып, отын жағамын деп қолым ісіп кетті. Сонымен өзім қалқиып жүремін сол.»
Алматы облысында жылыту кезеңі басталғалы 46 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 40 пайызға аз. «Биыл өрт салдарынан адам өлімі тіркелмеді» - дейді мамандар.
НҰРЖАН НҰҒЫМАНОВ
МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Қазіргі таңда бізде әлеуметтік осал топтағы отбасылардың саны 1500-ден астам. Бүгінгі уақытпен алатын болсақ 300-ден астам улы газды анықтайтын датчик орнатылды.»
Жылыту маусымы аяқталғанға дейін алдын алу шаралары жалғасады. Себебі қарапайым қауіпсіздік талаптарын сақтау - адам өмірін қорғаудың кепілі.