Ауылдағы қалалық жағдай
Өтеген батыр кентінде «Тұмар» тұрғын үй кешенінің алғашқы кезегі пайдалануға берілді. Салтанатты іс-шараға аудан әкімі қатысып, жаңа баспанаға ие болған 15 отбасын құттықтады. Ұлттық дәстүрге сай ақ бата беріліп, жаңа қоныс иелері қуанышты сәтті атап өтті. Жобаның алғашқы кезеңі аясында бес қабатты үш үй бой көтеріп, жалпы саны 103 пәтер мен екі кәсіпкерлік нысан пайдалануға берілген. Тұрғын үйлер газ, су және электр желілерімен толық қамтамасыз етіліп, аумағы абаттандырылып, көгалдандырылған. Жалпы инвестиция көлемі 3 миллиард 200 миллион теңгеден асатын жобаның екінші кезеңінің құрылысы қазіргі уақытта жалғасып жатыр. Құрылыс толық аяқталған кезде кешендегі тұрғын үй саны алтыға, ал пәтерлер саны 210-ға жетеді.
РОЗА САДЫҚОВА
ПӘТЕР ИЕСІ
- Осы кісілердің үйлері ұнап, осы кісілерге сенім артып, сенімімізді ақтап, бүгін міне кілтімізді бұйыртып алып отырмыз. Біздің қазақ еліне жұғысты болсын деймін. Осы біз сияқты жүрген пәтерде жүрген адамдар осындай армандарына жетсін деймін. Біз енді шүкір Құдайға, осы күнге жеткенімізге. Бір арман сияқты мақсат, бір жете алмайтын нәрсе сияқты болған. Жетуге болады екен, тек қана алдыға адам мақсат қою керек екен.