Болашақтың білімі қандай болады? Педагогтер жаңа жобаларын таныстырды
Заманауи мектеп-сапалы білім кепілі! Ал бұл талапқа сай болу үшін бүгінгі мұғалім қандай болуы керек? Талғарда бас қосқан Алматы облысының ұстаздары осы сұраққа жауап іздеді.
Форумда цифрлық технология мен жасанды интеллектіні сабақта тиімді қолданудың жолдары көрсетілді. Мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, үздік жобаларын ортаға салды. Сондай-ақ әріптестер арасында практикалық алаңдар ұйымдастырылды. Жалпы Талғар ауданы бойынша 5 мыңнан астам ұстаз бар. Олардың ішінде оқулық авторлары мен ғылым докторлары да аз емес.
АЙНАГҮЛ ҮШКЕМПІРОВА
ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
- Бүгінгі форумға мыңнан астам мұғалім жиналды. Аудандағы 49 мектептің директорлары білім сапасын арттыратын жаңа жобаларын алып келді. Басты мақсатымыз - осы үздік идеяларды ел көлемінде, тіпті халықаралық деңгейде таныту және бастамашыл ұстаздарға жол ашу.