Зияткерлік әлеуеті жоғары Ұлттық ұлан

Сенімділік пен қауіпсіздіктің қалқаны! Мыңдаған кәсіби маман даярлап, ішкі тәртіптің темірқазығына айналған Ұлттық ұланның 6654 әскери бөлімі 64 жылдығын атап өтуде. Өткен ғасырдың еншісінде іргесі қаланған бөлім қазір елорданың тікелей бақылауындағы бірегей оқу орталығы. Мерейлі күнге орай әскерилер сап түзеп шеру жасап, еңбегі сіңген әскери қызметшілер мен сала ардагерлері марапатталды. Тарихы тереңде жатқан бұл әскери бөлім - әлдеқашан қалыптасқан жауынгерлік мектеп. Бүгінгі таңда Ұлттық ұланның басты оқу орталығы мәртебесін абыроймен арқалап келеді. Мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен келген мерзімді қызмет сарбаздары мен келісімшарт бойынша қызмет атқарушылар бірдей тәлім алады. Арнайы мақсаттағы күштер, әскери аспаз, түрлі категориядағы жүргізушілер мен байланыс торабының мамандары дәл осы қара шаңырақтан жолдама алады. 

АЛЬМИР ФАЙЛАСОВ
КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
«64 жыл бұл тек қана күнтізбелік дата емес, бұл мыңдаған жауынгердің қажырлы еңбегі мен отанға деген адалдығының көрінісі. Бүгінде біздің бөлім, тек қызмет атқаратын орын емес, нағыз кәсіби мамандарды баулитын бөлім. Осы мерейлі күні ардагерлеріміз бен сарбаздардың ата-аналары арнайы келіп, біздің қуанышымызды бөлісіп отыр. Жеке құрам алға қойылған жауынгерлік міндеттерді әрқашан абыроймен орындауға дайын. 

Мерекелік күннің еншісіне тек салтанат пен шеру ғана емес, бөлім басшылығы, облыстық әскери прокуратура және өңірлік кітапхана арасында арнайы меморандум түзілді. Енді облыстық әскери бөлімдер арасында алғашқы болып заманауи кітапхана есігін ашты. Сарбаздардың рухани әлемін байытуға арналған бұл қадам-үлкен жаңалық. Қазірдің өзінде қорда 500-ден астам құнды кітап жинақталған. Ең бастысы, сарбаздардың ой-өрісін кеңейтетін бұл кітап қоры әр екі ай сайын тұрақты түрде жаңарып тұрмақ.»

ҒАЛИЯ ТОҚАБАЕВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
«Президенттің тұжырымдамасына берілген «Озық ойлы ұлт», «Төте жол — кітап оқу мәдениетін қалыптастыру» деген. Бізде ең бірінші мақсат — бұл осы жердегі сарбаздарды кітапқа деген қызығушылығын ояту. Бұл жерде тек қана кітап емес және авторлармен кездесу шаралары ұйымдастырылып өтеді.»

Рухани жаңғыру мен салтанат ұласқан шара соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты. Отан алдындағы мінсіз қызметі мен үлгілі тәртібі үшін бірқатар әскери қызметшілер мен сала ардагерлері арнайы марапаттарға ие болды. 

Сондай-ақ оқыңыз: