Президент жасанды интеллект орталығын аралады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап, жұмысымен танысты.
Орталықта заманауи ақпараттық жүйелерді мемлекеттік секторда, бизнесте және күнделікті өмірде қолдану жобалары жүзеге асырылады. Орталық Қазақстанды технологиялық тұрғыдан дамыған, бәсекеге қабілетті елге айналдырудың стратегиялық мақсаты ретінде құрылды. Президент Astana Smart City жобасының іске қосылуына куә болды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары» халықаралық жобасының маңызын айтып, жастардың технология мен спортты ұштастырудағы рөліне тоқталды. Alem.ai battle байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде ол озық ойлы жастарға сенім білдірді.