Ұлттық ғұрып ұлықталды

Мың Жылқының бөктері мың жылқының дүбіріне бөленді. Қарқара жайлауында дәстүрлі қымызмұрындық тойы тойланды. Айтулы шараға алыс жуықтан 30 мыңнан аса қонақ келіп, ұлттық дәстүр кеңінен нәсихатталды. Спорт түрлерінен сан алуан сайыстар ұйымдастырылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Кеген төрінде өткен келісті думан туралы Құрманжан Қасымжанұлы әңгімелейді.


ҚҰРМАНЖАН ҚАСЫМЖАНҰЛЫ
ТІЛШІ
«Бұл алты алаш баласын елеңдетіп, аспантау аясын дүбірге бөлеген әйгілі Қарқара жайлауындағы дәстүрлі қымыз тойы. Мұнда 200 қаралы киіз үй тігіліген. Кіріберіс қақпада саба піскен 100 келін қонақтарға қымыз ұсынып тұр. Артқы алаңда сан алуан ұлттық спорт түрлерінің көрігі қызуда. Ал келіп-кетіп жатқан кісі санында қисап жоқ»


Жасыл желек жамылған Қарақара жайлауы. Ақ шағаладай қатар тігілген киіз үй, саба піскен сансыз келін, сан алуан көрме, әр түрлі спорттық сайыс, неше мыңдаған қонағымен құлпыра түсті. Әуелі ел жұрт арнайы әзірленген 2 тоннадан аса бал қымыздан ауыз түйіп, шөлін басып қымыз тойдың қызығын қызықтады.


БАҚЫТГҮЛ КӨКЕЕВА
БӨЛЕКСАЗ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
«Қымыз имунитетті көтереді. Саумал деген деннің саулығы. Біз бала күнімізден жайлауға шығып, атқа мініп, бие байлап, осы ортада өскенбіз. Біз үшін бұл өте керемет дүние. Осыны жылдан жылға дәріптей берсек дейміз»


Фестивал алаңының оң жағалауына жергілікті қол өнер шеберлері жайғасқан. Мұнда әйелдер жағы жүн сабап, ұршық иіріп, ою ойып, киіз басты. Кесте тігіп, құрақ құрап қыз жасауын жасады. Ал ер азаматтар сан алуан зергерлік бұйымдарын жұрт назарына ұсынып, тері илеп, таспа тіліп, өрім өріп ат әбзелдерін әзірледі. 


ТҰРСЫНЖАН РАМАЗАНҰЛЫ
 ҚОЛ ӨНЕР ШЕБЕРІ
«мынау 6 өрім шаруа қамшы. Алты таспа бұзау тіс, былжырамай аттан түс деген қамшы осы. Ал мынау 12 өрім сәнді қамшы, бұл билік ұстағандардікі. Сарының бәрін жез дей ме, адамның бәрін сіз дей ме? Махабаты болмаса біреуді біреу іздей ме деген осы»


Қазақ рухын асқақтатқан Қарқарадағы қымызмұрындықта ұлттық спорт түрлері кеңінен нәсихатталды. Азаматтар ат құлағында ойнап, көрерменнің көңілін сүйіндірсе олардан аруларда қалыспай қатарласа шапты. Ал арғы жағында «Толағай» алыптар жарты тонналық арбаны жаяу сүйреп күш сынасса, балалар сырыққа өрмелеп ептілік байқасты. Жастар алтыбақанға тербелсе, палауандар бозкілемде белсесті. Білекті жігіттер кір тасын көтеріп, қол күрестіріп сынға түссе, қошақр көтеріп күш байқасқандар да аз болмады.  


БАУЫРЖАН ӘБДІҚАЙЫМ
ЖЕҢІМПАЗ
«2026 қымыз мұрындық керемет деңгейде жақсы өтуде. Осыны ұйымдастырып отырған Алматы облысыынң әкімдігіне және қазақ жұртына үлкен рақмет. Алланың қалауымен жақсы дайындалып келдік. Міне қошқарды үш минутта 69 рет көтеріп, алып кетіп бара жатырмыз» 


Халқымыздың ұлттық құндылықтарын ұлықталған аталмыш шара – Абыз-Баба Әлмерек Жаншықұлының 368 жылдығы және «Қымызмұрындық–2026» мәдени-көпшілік, спорттық дала фестивалі деген атпен өтті. Дала төсінде алаш баласының басын біріктірген дәстүрлі қымыз тойына  Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев арнайы қатысып, аудан тұрғындарын құттықтады. 


МАРАТ СҰЛТАНҒАЗИЕВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
«Баршаңызды қасиетті қарқара жайлауында өтіп жатқан, дәстүрлі қызмызмұрындық тойымен құттықтаймын. Алматы облысы бүгінде табиғи байлығымен тарихи мұрасын ұштастырып отырып, туризімді дамытудың жаңа кезеңіне қадам басты. Өткен жылы өңірімізге 2 жарым милионнан астам турист келді. Бұл Алматы облысының табиғи әлеуеті мен тарихи мәдени мұрасына деген қызғушылықтың тұрақты артып, келе жатқанын көрсетеді»


Салтанатты ашылу рәсімі тарихи қойлымдармен басталып, танымал өнер жұлдыздарының қатысумен өткен концерттік бағдарламаға ұласты. Ал түс ауа көптен күткен ат бәйгесі өтті. Мұнда 9 шықырмға 60 құнан тізгін босатып, Қырғызстандық қатысушы JAС автокөлігін тақымдады. Ал 20 шақырымға топ бәйге шауып, Қордайлық «Бәйтерек» атты тұлпар автокөлік еншіледі. Сондай ақ 32 шықырымдық аламанда тағы да Қордайдан келген «Айтолқын» атты сайгүлік дара шауып, бәйге басына тігілген теміртұлпарды  тізгіндеп қайтты. Биылғы қымызмұрныдықтың басты ерекшелігі -  30 мыңнана ас қонақ қатысты. Одан бөлек қасиетті қарқара төсінде, мың жылқы тауы бөктерінен 1000 бас қылқұйрықтың тұяқ дүбірі естіліп, жылқы жанды қазақ баласының рухын бір серпілтіп тастады.

Сондай-ақ оқыңыз: